Түркістан: Зейнеткер көлігімен үш студентті қағып кетті

None
None
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Түркістандық зейнеткер тізгіндеген көлік жаяу жүргінші жолағымен келе жатқан үш студентті қағып кетті. Оқиға қаладағы Қазақ-Түрік университеті аумағында болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жол бойындағы бақылау камерасына түскен видео инстаграм желісінде тарап кетті. Онда көліктің қатты жылдамдықпен келіп, жолдан өтіп бара жатқан үш адамды қағып кеткенін көруге болады.

Облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, жол көлік оқиғасы 3 қарашада кешке қарай. «Нексия» көлігін тізгіндеген 64 жастағы жүргізуші жол ережесін өрескел бұзып, үш студентті жарақаттаған. «Жәбірленушілер әртүрлі дене жарақаттарымен ауруханаға жеткізілді. Қазіргі таңда жағдайлары қанағаттанарлық. Түркістан облыстық ПД анықтаушылары көлік жүргізушісіне қатысты ҚР ҚК-нің 345 «Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізуде. Қажетті сараптамалар тағайындалды», делінген хабарламада.

Соңғы жаңалықтар