Түркістан түркі халықтарының бірігуіне жол ашады - Баршагүл Исабекова

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Елбасы Н. Назарбаевтың Оңтүстік Қазақстан облысының атауын Түркістан облысы деп өзгертуі, тиісті Жарлыққа қол қоюы шынында өте маңызды оқиға болып отыр. Бұл Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университетінің оқу ісі жөніндегі проректоры, тарих ғылымдарының кандидаты, доценті Баршагүл Исабекованың пікірі, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Тарихшының сөзінше, облыс атауының Түркістан облысы болып өзгеруі және Түркістанның облыс орталығына айналуы бүкіл түркі халықтарының бірігуіне жол ашады.

«Түркістан ертеден-ақ түркі жұртының орталығы ретінде саяси-әкімшілік тұрғыдан үлкен рөл атқарған. Шын мәнінде рухты көтерген, Түркістанның тарихи рөліне қайта баға берілгені тарихи шешім болды.

Түркістан - орта ғасырларда қазақ хандығының және Түркі халықтарының рухани астанасы болғандығы аян. 1865 жылы Түркістан облысы, 1867-1868 жж. Түркістан генерал-губернаторлығы, 1918-1924 жж. Түркістан АКСР-і сынды тарихи атаудың қайта оралуы, яғни Түркістан облысының құрылуы тек Оңтүстік Қазақстандықтарды ғана емес, бүкіл түркі халықтарын қуантып, мерейлерін өсірді. Түркістан қаласы - мәдени, әлеуметтік-экономикалық тұрғыдан өркендеп, инфрақұрылым, туризм дамып, өркениет бесігіне айналары хақ»,- дейді Баршагүл Исабекова. 

Соңғы жаңалықтар