Түркістан түркі әлемінің мәдени-рухани орталығына айналады

None
None
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Түркістан түркі әлемінің мәдени-рухани орталығына айналады. Бұл туралы бүгін Түркістанда өткен «Киелі Түркістан және Түркі дүниесінің рухани жаңғыруы» атты ғылыми-теориялық конференциясында айтылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Түркі кеңесінің VI  саммитінде көтерген «Түркі дүниесінің  тұғырлы тұлғалары»  және  «Түркі әлемінің киелі жерлері» бастамаларын  жүзеге асыру бағытында ұйымдастырылған ғылыми басқосуда түркі  дүниесінің ғылымы,  мәдениеті мен әдебиеті,  түркі тілдері,  киелі жерлер мен  тұғырлы тұлғалары туралы айтылды.

«Түркі әлемінің  киелі  жерлері» деп аталатын  секциясында Түркі дүниесінің  киелі жерлерін анықтау  жобасын әзірлеу мен  оның критерилерін белгілеу жайы сөз болды. Аталған жобаны іске асыру  мерізімі мен  кезеңдері,  жүзеге асыру тәртібі және  өзге де мәселелер талқыланды. Ал, «Түркі дүниесінің атақты тұлғалары»  секциясында тұлғаларды анықтау критерилері  мен осы жобаны жүзеге асырудың тетіктері талқыланды. Сондай-ақ, «Түркі тілдері мен  жазуы» тақырыбындағы  үшінші  секцияда түркі тілі, түркі әдебиеті, түркі тілдес елдердің латын графикасына  көшуі туралы мәселелер көтерілді. Конференцияға қатысушылар Түркістанның Түркі әлемінің рухани орталығына айналуға толық мүмкіндігі бар екеніне тоқталып, осы бағыттағы жұмыстарға үлес қосуға дайны екендерін жеткізді.null 

Түркістан төрінде өткен конференцияда Халил Акынджы (Түркия),  Виктор Бутанаев (Ресей), Мекемтас Мырзахметов (Қазақстан), Кюршад Зорлу (Түркия), Қаныбек Иманалиев (Қырғыз Республикасы), Рамиз Аскеров (Әзербайжан), Өмірзақ Айтбаев (Қазақстан), Бахтиер Каримов (Өзбекстан), Рахмоил Сафаров (Тәжікстан), Александр Васильев (Ресей) және тағы басқа тарихшылар мен ғалымдар, профессорлар мен туркологтар білгендерін ортаға салды.

Айта кетейік, бүгін Түркістан қаласында «Киелі Түркістан және Түркі дүниесінің рухани жаңғыруы» атты ғылыми-теориялық конференция өтуде. «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясындағы маңызды жиынды Түркістан облысының әкімдігі мен  Халықаралық Түркі Академиясы ұйымдастырып отыр. Жиынға елімізден бөлек Әзербайжан, Ресей, Түркия, Қырғыз Республикасы, Өзбекстан, АҚШ, Тәжікстан, Үндістан мемлекеттерінен туркологтар мен ғалымдар және дипломатиялық өкілдіктерден де қонақтар қатысуда. Конференцияны Халықаралық Түркі Академиясының президенті Дархан Қыдырәлі жүргізіп отыр. 

Соңғы жаңалықтар