Түркістан тұрғындары көпбалалы анаға 4 бөлмелі үй сыйлады

None
None
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат- Түркістанда өткен наурызда тұрғындар көпбалалы анаға 4 бөлмелі үй сыйлады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Nүркістан қаласының «Бекзат» мөлтекауданында Наурыз мерекесі тойланып, тұрғындарlың демеушілігімен көпбалалы анаға төрт бөлмелі үйдің кілті тапсырылды.

Мерекелік дастархан жайылып, қазақ эстрадасының жұлдыздары Айдар Тұрғамбек, Бақытжан Мұстафаев ән айтса, спортшы Ермахан Ибраимов тұрғындарға тілегін жеткізді. Бекарыс Шойбеков пен Тұрар Тілеулиев арасында тартыста көпшілікке көтеріңкі көңіл күй сыйлады.

Көпшілік арқан тартысып, аударыспақ ойындарынан өз бақтарын сынады. Қошқар көтеру мен кір тасын көтеруден күш иелері сынға түсті.

Мерекелік шарада 1 тонна наурыз көже таратылды.



Соңғы жаңалықтар