+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 385.42 EUR 424.58
RUB 6.00 CNY 54.31
Jańalyqtar

Түркістан: Түлкібастық жастар көкпардан Азия чемпионы болды

2019 жылғы 21 тамыз 22:55
Бөлісіңіз:
Түркістан: Түлкібастық жастар көкпардан Азия чемпионы болды

ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Алматы қаласында көкпардан І Азия чемпионаты өтті. Тартысты аламанға 8 мемлекеттің құрамасы қатысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, Азия ойындарында «Түлкібас ұлттық спорт түрлерінен балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің» спортшылары, Қазақстан құрамасының мүшелері Мамыт Әділет пен Қарқабат Бекзат жүлделі І орынды иеленді.

«Мен бала күнімнен атам Мамыттың қамшысын алып, бәйгеде шабатын тұлпарына мініп өстім. Сәйгүлікке деген қызығушылығым аса жоғары еді. Пәлен жерде түген деген көкпар болып жатыр дегенді естісем болды, дорбамды жинап, атымды баптап үйден шығып кететінмін. «Сен әлі баласың, аттың астында қалып кетесің» деген үлкен ағаларымның сөзін, ақылын құлағыма аспайтынмын. Ол мен үшін қорқынышты болмайтын. Бар ойым сол көкпарға барып, аламан доданы көзіммен көру. Көкпаршы, шабандоз болу менің бала күнгі арманым еді. Әсті, осындай жетістікке жетіп, шабандоз болып, елімнің мақтанышы болғаным - атамның берген батасының арқасы болса керек. Ол кісі де шабандоз болатын. Қаннан келген қасиет те бар шығар. Әкем Әмір де көкпар десе ішкен асын жерге қоятын азаматтар қатарынан. Менің көкпар спортына деген махабатымды сезген әкем спорт мектебіне оқуға түсіріп, бағымды ашты. Бәйгеде оза шабуым үшін батасын беріп, жігерлендіретін. Сәйгүлігім Ақмола Қасқамен талай додаларда оза шауып, отбасыма үлкен қуанышпен оралған кездерім жетерлік. Бұл - мен үшін атамның, әкем мен анамның алдындағы арманымның орындалғанының көрінісі деп ойлаймын. Жетер жетістігім мен алар асуым әлі алда болса, мен бағындырар белес көп деп білемін. Кезекті жеңісімді елім мен жеріме арнаймын», – дейді І Азия ойындарының чемпионы, ҚР құрамасының мүшесі Мамыт Әділет.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT