Түркістан: Түлкібаста емдік туризм нысандары ашылады

None
None
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - 2018 жылы Түркістан облысының Түлкібас ауданына 16 мың 658 турист келген, оның 813-і - шетел азаматтары. Бұл туралы өңір әкімдігінің баспасөз қызметінен мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Түлкібас ауданында жалпы 32 нысан 340,6 млн теңгеге сапалы қызмет көрсеткен, көрікті жерлердің тізімі жасалып, келген қонақтар үшін туристік маршруттар құрылды.

Қазіргі таңда «Батыс Еуропа - Батыс Қытай» жол бойында 3 ірі жобаның құрылысы жүруде. Соның бірі - «Құрылыс» ЖШС жол бойы қызмет көрсету орталығы. Жобаның жалпы құны - 346 млн теңге, сыйымдылығы 100 орын, жаңадан 25 жұмыс орны ашылады. Бүгінде құрылыс жұмыстары 95 пайызға аяқталған.

Сонымен қатар, «Шұқырбұлақ» жол бойы қызмет көрсету орталығының да құрылыс жұмыстары 95 пайызға аяқталған. Жобаның жалпы құны - 150 млн теңге. Сыйымдылығы - 50 орын. Жаңадан 12 жұмыс орны ашылады. Құрылыс жұмыстары 95 пайызға аяқталып отыр. («Бизнестің жол картасы - 2020» бойынша 25 млн теңге көлемінде газ құбырын жүргізу жұмыстарына құжаттар әзірленуде). «Шақпақ» жол бойы қызмет көрсету орталығын қайта құрылымдау жобасының жалпы құны 76 млн теңге болса, сыйымдылығы 30 орын, жаңадан 10 жұмыс орны ашылады.

Табиғи емдік туризмді дамыту мақсатында жұмыс істейтін «Жайлау» емдеу-сауықтыру орталығы жобасының жалпы құны 347 млн теңгені құрап отыр. Сыйымдылығы 100 орын болатын орталықта жаңадан 50 жұмыс орны ашылмақ. Орталық 2019 жылы іске қосылады, 2 мың туристі қабылдауға қауһарлы.

Саумалмен емдеу орталығы («Нұрлыхан» ШҚ) жобаның жалпы құны 340 млн теңге, сыйымдылығы 50 орын. Жаңадан 10 жұмыс орны ашылады деп күтілуде. Бұл жоба 2019 жылы іске қосылып, 1500 турист қамтылмақ. Облыстық бюджеттен инфрақұрылым жұмыстарына 103 млн тенге қаржы қарастырылған. Қазіргі таңда 55 млн теңгесі бөлінді. Сонымен қоса, сыйымдылығы 70 орындық «Этно Парк» құру жобасы бар. Жалпы құны - 417 млн теңге. Жаңадан 30 адамға жұмыс орнын ашу жоспарланып отыр.

Соңғы жаңалықтар