Түркістан: Түлкібас кентінде «Рәміздер алаңы» ашылды

None
None
ТҮЛКІБАС. ҚазАқпарат – Түркістан облысының Тұлкібас ауданында Қазақстан Республикасының Конституция күніне орай «Рәміздер алаңы» ашылды. Жаңадан ел игілігіне берілген алаң Түлкібас кентінде орын тепті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Нысанның ашылу салтанатында аудан әкімі Нұрбол Тұрашбеков тұрғындарды Қазақстан Республикасы Конституциясының 24 жылдық мерекесімен құттықтады. Мерекелік шарада аудандық қоғамдық кеңес төрағасы Ө.Маткеримов және аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы С.Қасымбектер де мерекелік лебіздерін білдірді. Сондай-ақ, аудандық мәдениет үйінің өнерпаздары тарапынан да қалың жұртшылыққа концерттік бағдарлама ұсынылды.

Айта кетейік, кент орталығында орналасқан нысан аумағында Мемлекеттік рәміздер алаңымен қатар, жергілікті тұрғындардың серуендеп, таза ауада демалуына арналған орындар жасалған. Ал, тоғыз жолдың торабы болған «Түркісіб» теміржолының бойында орналасқан «Рәміздер алаңының» ашылуы халыққа үлкен қуаныш сыйлады. Себебі, алдағы уақытта бұл жердің айналасы толығымен абаттандырылып, кент тұрғындары үшін балалар ойын алаңшасы мен таза ауада серуендеуге арналған аллея бой көтермек.

Соңғы жаңалықтар