«Түркістан төрінде» сырласу-сұхбат кеші өтіп жатыр

None
None
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Түркістан қаласында Қожа Ахмет Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университетінде «Түркістан төрінде» сырласу-сұхбат кеші өттуде. «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында ұйымдастырылған кездесуге Қазақстанның және түркі әлемінің көрнекті ақын-жазушылары мен қоғам қайраткерлері, айтар ойы бар зиялы қауым өкілдері және жастар қатысып, өзара пікір алмасты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қоғамның дамуы мен Түркістан өңірінің гүлденуін, оның даму бағыттары туралы ой қозғайтын «Түркістан төрінде» жобасының алғашқы қонақтары ретінде Мемлекеттік сыйлықтың лауреаттары, көрнекті қаламгерлер Төлен Әбдік пен Нұрлан Оразалин, сондай-ақ танымал жазушы, кинодраматург Смағұл Елубай шақырылып, Түркістан жұртшылығымен жүздесті.null

Кездесуді Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев ашып беріп, жобаның мақсатына тоқталды. Терең мәнді жүздесулер өткізу арқылы жаңа облыстың рухани, мәдени, зияткерлік деңгейін көтеріп, бірлік пен ынтымақты, тұрақтылықты жан-жақты нығайтуға үлес қосу көзделгенін атап өтті. Әкім елімізге танымал тұлғалардың салмақты сөздері мен өнегелі ойлары арқылы жастарға, тұрғындарға ой салу, рухани-мәдени әлеуетін көтеру де басты назарда тұрғанын айтты.

Айта кетейік, аталған кездесу әлеуметтік желілерде тікелей эфир арқылы көрсетілуде.null

Соңғы жаңалықтар