Түркістан төрінде аламан айтыс өтіп жатыр

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Түркістан төрінде аламан айтыс өтіп жатыр. Түркітілдес мемлекеттер арасындағы  ұйымдастырылған жыр додасына  Қырғызстан, Өзбекстан, Түркия және Қазақстан Республикасынан 20 азулы ақын қатысып жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат ХАА тілшісі.

null

«Түркістан - Түркі әлемінің мәдени астанасы» жылы  аясында Қазыбек би Келдібекұлының 350 жылдығына арналған халықаралық ақындар айтысы күні кеше басталған болатын. Аламан айтысты Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Ұласбек Сәдібеков ашып, ақындарға шабыт, сәттіліктер тіледі. Одан соң Түркия мемлекетінің ақыны  Нури Джихан Карат айтысқа арналған өз арнауын орындады.

null  

Ұйымдастырушылардың сөзінше, биылғы айтыстың мақсаты - түркітілдес ұлттар арасындағы бауырластық байланыстар мен достықты нығайту, түркілік мәдениет пен өнерді ұрпақтан ұрпаққа жеткізу. Сонымен қатар айтыс өнері арқылы қазақ халқын әлемге таныту және Қазыбек би Келдібекұлының өмірін, шығармашылығын сонымен қатар, көнеден келе жатқан дәстүрлі «Наурыз» мерекесін дәріптеу. 

null null null null  

Соңғы жаңалықтар