Түркістан театрына Райымбек Сейтметовтың есімі берілді

2017 жылғы 10 сәуір, 16:25
Түркістан театрына Райымбек Сейтметовтың есімі берілді

ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Түркiстан қаласының сазды-драма театрына ҚР халық әртiсi, профессор Райымбек Сейтметовтiң есiмi берiлдi. Бұл туралы облыстық мәдениет басқармасының басшысы мәлімдеді. Нұрболат Ахметжановтың сөзінше, ҚР Үкiметi осы мәселе жөнінде арнайы қаулы шығарған, деп хабарлайды ҚазАқпарат ХАА тілшісі.

«Түркістан Түркі әлемінің мәдени астанасы атанған жылы Райымбек Сейтметовтың өзі құрған өнер ошағына оның есімін беру - Ұлы Дала елінің ұлыларын ұлықтау болып табылады»,-деді Ахметжанов.

Айта кетейік, кезінде Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрiк университетiнiң ректоры Мұрат Жұрыновтың қолдауымен аталған оқу орнынан «Өнер» бөлiмi ашылды. Сол бөлімге Алматыдан театр тарланы Райымбек Сейтметов келіп, талай жасты өнерге баулыды.

«Түркiстанның рухын көтеру үшiн ең әуелi сол жердiң рухани игiлiктерiн жасауымыз қажет. Елiмiз егемендiк алды, Түркiстан қайта түлейтiн болады деп жастайымнан бауыр басып қалған Алматыны, атақ-абыройына ие болған өнер ордасын тастап, туған жерге тартып кетуiмнiң басты себебi де сол болатын. Түркiстан қайта түлеп, iргесiн кеңiтiп жатқанда соның бiр шегесi болып қалғым келдi...» деп Алматыны не үшін тастап келгенін түсiндiрген едi сахна саңлағы.

Өзi тәрбиелеп, баулыған шәкiрттерiнен театр труппасын жасақтады. Елбасына хат жазып, қаншама мекеменiң табалдырығын тоздырып жүрiп Түркiстандай киелi шаһарда театр құрды. Өзi құрған театрдың iргетасын қалап, қайталанбас қойылымдар қойды.

Серіктестер жаңалықтары

Jańalyqtar