Түркістан тауларында туристердің жоғалуы: Өмірзақ Шөкеев бірқатар тапсырма жүктеді

None
None
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеевтің төрағалығымен өткен аппарат отырысында Төлеби ауданының Сайрам-Өгем мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің аумағында 7 адамның жоғалуына байланысты соңғы мәліметтер баяндалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Өңірлік Төтенше жағдайлар департаментінің басшысы Нұрғали Жүнісовтің мәлімдеуінше, тауда жоғалып кеткен туристер тобын іздестіру жұмыстары күндіз-түні жүріп жатыр. Оған құтқарушылар, полиция қызметкерлері, шекара қызметінің ат патрулі, ұлттық парк қызметкерлері, альпинистер, жалпы 100-ден астам адам қатысуда.

«Сондай-ақ 2 тікұшақ, 4 пилотсыз әуе құралдары, 15 техника, құтқарушылардың 2 кинологиялық қызметі, психологтар, жедел-жәрдем қызметі жұмылдырылған. Алматы қаласынан көмекке келген азаматтар пилотсыз ұшу құралдарының көмегін ұсынып, түнгі уақыта іздестіру жұмыстары жүргізілді. 30 мамыр күні Қазақстан және Өзбекстан Төтенше жағдайлар министрліктерінің екіжақты келісімі бойынша Өбекстан Республикасының құтқарушылары өз аумақтарында Өгем өзені бойында іздестіру жұмыстарын бастады», - деді ТЖД бастығы.

Облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев мұндай жағдайлардың алдын алу және алдағы уақытта болдырмау мақсатында жауапты басшыларға тиісті тапсырмалар берді. Таулы аймақтарда қауіпсіздікті қамтамасыз ету шараларын күшейтуді жүктеді.

Еске салайық, Түркістан облысының тауларында 7 адам жоғалып кеткен болатын. Сондай-ақ іздеу жұмысына тікұшақ жұмылдырылғаны хабарланды. Жоғалған жеті туристің үшеуі аман табылды. Екі күннен кейін тағы екі студенттің денесі табылды.




Соңғы жаңалықтар