«Түркістан-Шымкент-Ташкент» темір жолы қашан салынады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов елімізде қандай темір жолдар салынатындығын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Министрдің атап өтуінше, елімізде темір жол көлігі инфрақұрылымын дамытуға ерекше назар аударылатын болады.

«Түркістан – Шымкент – Ташкент учаскесінде жоғары жылдамдықты теміржол желілерін салу және Достық - Мойынты транзиттік учаскесін жаңғырту жөніндегі жобаларды іске асыра бастау жоспарланған. Бұдан басқа, болашақта «Алматы айналма стансасының құрылысы» және «Дарбаза – Мақтаарал» теміржол желісі жобаларын іске асыру көзделген», - деді Бейбіт Атамқұлов халыққа есеп беру кездесуінде.


Соңғы жаңалықтар