«Түркістан - Самарқанд» тұрақты халықаралық автобус бағдары ашылады

None
None
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Түркістан қаласының Өзбекстанның Самарқанд қаласымен сауда-экономикалық және туристік әлеуетін нығайту мақсатында, ағымдағы жылдың 1-ші тоқсанында «Түркістан - Самарқанд» тұрақты халықаралық автобус бағдарын ашу жоспарланып отыр. Бұл туралы бүгін Түркістан облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Бекзат Тілегенов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бекзат Тілегеновтің айтуынша, өңірде 44 тасымалдаушы 1224 автобуспен (шағын автобуспен) жолаушыларға қызмет көрсетуде.

«Облыстағы тұрақты бағыттар желісі - 325 бағыттағы 1090 кестеден тұрады. Облыс бойынша 2018 жылы 797 млн жолаушы тасымалданған. Ал, биылғы жылы 865 млн жолаушы тасымалданады деп күтілуде. Бұдан өзге аймақтағы жолаушылар көлігінде 18 тұрақты бағыт ашылған. Сондай-ақ, 2019 жылдың 1 қаңтарында әлеуметтік маңызы бар «Түркістан - Бадам» және «Түркістан - Сарыағаш» теміржол бағыттары ашылды. Пойыздар аптасына 5 реттен қатынайды. Билет құны «Түркістан - Бадам» - 609 теңге, «Түркістан - Сарыағаш» - 1114 теңге»,- дейді басқарма басшысы.

nullnull

Соңғы жаңалықтар