Түркістан полицейлері құрылыс кранынан секіріп өлмек болған тұрғынды райынан қайтарды

None
None
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Түркістан облысында полицейлер жоғарыдан секіріп, өзіне қол жұмсамақ болған ер адамды құтқарып қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бүгін шамамен таңғы сағат 9.30-да Түркістан қалалық полиция басқармасының 102 пультіне белгісіз ер адам құрылыс кранына көтеріліп, өзіне қол жұмсауға тырысқаны туралы шұғыл хабарлама келіп түсті.

Оқиға орнына бірден полицейлердің жедел тергеу тобы мен прокуратура өкілдері шықты.

Полицейлер мен прокуратура өкілдері кранға шығып алған ер азаматқа түсіндіру жұмысын жүргізді.

Тәртіп сақшылары өз-өзіне қол жұмсамақ болған тұрғынның әрекетінің қауіпті екенін айтып, мұндай қадамға бару мүлде дұрыс емес екенін ұғындырды.

Олар осылайша ер адамды көндіріп, төменге аман есен түсірді. Содан соң оны полиция басқармасына жеткізді.

Қазіргі уақытта жергілікті тұрғынның өмірі мен денсаулығына төніп тұрған ешқандай қауіп жоқ.

Аталған жайт тіркелді. Оқиғаның барлық мән-жайы анықталуда.

Өз кезегінде Түркістан облысының полицейлері сақтық шаралары мен ҚР заңнамасын сақтауды ұсынады.

«Егер сіз осындай оқиғаға куә болсаңыз, дереу 102 телефоны бойынша полицияға хабар беріңіз» деп ескертеді полиция.


Соңғы жаңалықтар