Түркістан полицейлері ел аумағына заңсыз кірген шетел азаматын ұстады
Сарыағаш аудандық полиция басқармасының қызметкелері аудан аумағындағы шетелдіктердің тиісті құқықтық тәртібін қамтамасыз ету, заңсыз келген және осында тұрып жатқан шетелдіктерді, оған қоса заңсыз көші-қон арналары мен оларды ұйымдастырушыларды анықтау, Қазақстан Республикасы аумағына келу, болу, кету ережелерін сақтау мақсатында жедел-профилактикалық жұмыстарды тұрақты түрде жүргізіп отырады.
Осындай шара барысында Сарыағаш ауданы, Бағыс ауылында орналасқан айналма тас жолы арқылы ҚР-ның аумағына заңсыз кіріп кеткен Өзбекстан Республикасының азаматын анықтады. Ол жұмыс істеу мақсатында Алматы қаласында жүрген жерінен ұсталды.
Тәртіп сақшылары аталған жайтты ҚК-нің 392-бабы «Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасын қасақана заңсыз кесіп өту» бойынша сотқа дейінгі тіркеудің бірыңғай тізіліміне тіркеді. Бүгінгі таңда күдіктіге қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр.
Түркістан қаласының полицейлері көші-қон заңдылықтарын қатаң сақтауға шақырады. Сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарында жазылған талаптарға қатысты құқықбұзушылық орын алған жағдайда жауапкершілік қарастырылғанын ескертеді!