USD 436.29 EUR 492.83
RUB 5.92 CNY 68.48
Jańalyqtar

Түркістан полицейі көпірден секірмек болған әйелді құтқарды

2021 жылғы 20 қазан 10:43
Бөлісіңіз:
Түркістан полицейі көпірден секірмек болған әйелді құтқарды

ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Түркістандық полицейдің жедел әрекетінің арқасында темір жол көпірінен секірмек болған орта жастағы әйел құтқарылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Түркістан облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Мектептен кейін оралмаған: Атырауда жоғалған 9 жасар қыз табылды 2022 жылы «Түркістан-Шымкент-Ташкент» бағытындағы халықаралық теміржол құрылысы басталады Ақтөбеде жаяу жүргіншіні қағып кеткен жүргізуші оқиға орнынан қашып кетті

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, 18 қазанда әлеуметтік желідегі Instagram, Facebook парақшаларында «Түркістанда полиция қызметкері адам өмірін сақтап қалды...» деген мәтінмен бейнежазба тарады.

Бұл бейнежазбаға мониторинг жасайтын Түркістан облысы Полиция департаментінің қызметкерлері бірден назар аударды. Көпірден адамды құтқарған тәртіп сақшысын анықтау жұмыстары жүргізілді. Ол Жергілікті полиция қызметі басқармасы Патрульдік қызметін ұйымдастыру тобының аға инспекторы полиция майоры Бауыржан Тұрлыбекұлы Саржанов екені анықталды.

«Қызмет бабымен түстен кейінгі уақытта қаладағы екі мөлтекауданның арасын жалғап тұрған үлкен теміржол көпірінің аумағында жүрген болатынмын. Шамамен сағат 15:20 өткен кезде көмек сұрап айқайлаған дуысты естідім. Дауыс шыққан жаққа қарай қарасам теміржолдың үстінен өткен көпірдің жиегінде адам ілініп тұр екен. Көпірден секірмекке ұмтылып тұрған әйел болып көрінді. Бірден тұра ұмтылдым. Мен келгенде әлгі әйелдің тағы бір қыз жылап тұрды. Қыздың жалғыз өзі көпірден секірмек болған адамды құтқаруға шамасы келмей тұрғаны көрініп тұр. Мен өзіне қол салмақ болған әйелді қарсыласқанына қарамай көпірдің жиегінен түсіріп алдым. Оған мұндай қадамға барудың қауіпті екенін, отбасын ойлау керектігін айтып, біраз әңгімелесіп, көпірдің баспалдағынан дін аман қауіпсіз орынға дейін түсірдім. Содан соң 102-ге хабарласып, әріптестеріме әйелді тапсырдым. Кешкісін әйелдің халін білу үшін хабарын алдым, қан қысымы көтеріліп дәрігерлердің көмегіне жүгінген екен...», - дейді полиция майоры Бауыржан Саржанов.

Бүгінгі таңда әйелдің жағдайы жақсы. Түркістан қалалық полиция басқармасының қызметкерлерімен әйелге және жанында болған сіңлісіне тиісті көмек көрсетілді. Арнайы психолог мамандары әңгімелесіп, түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар қазіргі уақытта орта жас шамасындағы әйелдің мұндай қадамға баруына нендей себеп болғаны толығымен тексерілуде.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER

MURAǴAT