Түркістан облысының Жетісай ауданына 11 жасанды тыныс алу аппараты жеткізілді

None
None
ЖЕТІСАЙ. ҚазАқпарат - Түркістан облысы, Жетісай аудандық ауруханасы 11 дана жасанды тыныс алу аппаратымен толықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Өңірлік коммуникациялар қызметінен мәлім еткендей, Жетісай ауданында «Nur Otan» партиясының «Өмір» және «Шипа» жобалары кезекті рет жүзеге асырылды.

«Медициналық құрылғы «Nur Otan» партиясы фракциясының мүшесі, облыстық мәслихат депутаты Нұралы Әбішовтің қаржысына сатып алынды. Аппараттарды салтанатты түрде табыстау рәсімінде Жетісай ауданының басшылығы мен орталық аурухананың бас дәрігері Н.Жолдасбеков аудан халқының атынан Нұралы Әлмаханұлына алғыс білдірді.
Аудандық ауруханаға пандемия белең алған уақытта демеушілер есебінен өкпені жасанды желдетуге арналған 12 аппарат жеткізілген болатын. Негізінен аурухана 310 орынды. Жалпы 8 мыңға жуық халқы бар Жетісай ауданы үшін 1194 медицина маманы қызмет көрсетуде», - делінген ақпаратта.


Соңғы жаңалықтар