Түркістан облысының тұрғыны үйінде 20 келі есірткі мен қару сақтаған

None
None
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат -Түркістан облысында ПД Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес пен Есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасының қызметкерлері жүргізген жедел-іздестіру іс-шаралары барысында бұрын сотты болған тұрғын ұсталды. Оның үйін тінту кезінде оқ-дәрілері бар аңшылық қару мен 20 келі марихуана тәркіленді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Облыстық ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, сотты болған тұрғынды ұстау шарасы 8 қараша күні кешкісін жүргізілген. Тергеушілер күдіктінің есірткі сатумен айналысуы мүмкін екенін жоққа шығармайды.

«Аталған жайт бойынша Қылмыстық кодекстің 296-бабы («Есірткі құралдарын заңсыз тасымалдау, сақтау және өткізу») және 287-бабы («Қару, оқ-дәрілерді заңсыз тасымалдау, сақтау және өткізу») бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Сараптама тағайындалды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына жеткізілді» делінген хабарламада.

Айта кетейік, Түркістан облыстық полициясы ағымдағы жылдың он айында есірткіге қатысты 333 қылмысты анықтаған. 6,5 тонна есірткі құралдары тәркіленген. 50-ден астам есірткі сатушы қылмыстық жауапкершілікке тартылған. Қару сақтау ережесін бұзғаны үшін 1000-нан астам азаматқа учаскелік инспекторлар әкімшілік хаттамалар толтырған.

 

Соңғы жаңалықтар