Түркістан облысының тұрғыны банкке 20 миллион теңге шығын келтірген

None
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Түркістан облысында банкке 20 миллион теңге шығын келтірген күдікті тергелуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оқиға Сарыағаш ауданында болған. Жергілікті полиция бөліміне арызданған банк өкілі тұрғынның мобильді қосымша арқылы 20 миллион теңге шығын келтіргенін айтқан.

«Полиция қызметкерлері аталған жайтты ҚР ҚК-нің 190-бабы «Алаяқтық» бойынша тіркеді. Күдікті ретінде жергілікті тұрғын, жұмыссыз жас жігіт анықталды. Ол банк қосымшасы арқылы тауар сату-сатып алу операцияларын жасаймын деп, 1 ай ішінде 20 миллион қаражат алған. Алайда ешқандай тауар алмай, ақшаны өз қажеттілігіне жұмсап жіберген. Қазіргі таңда ер адам қамауға алынып, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде», -делінген Түркістан облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.


Соңғы жаңалықтар