Түркістан облысының трассаларына «Сергек» камерасы орнатылуда
2022 жылғы 5 мамыр 00:42

Түркістан облысының трассаларына «Сергек» камерасы орнатылуда

ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Түркістан облысының «Түркістан-Шымкент» бағытына қойылған Көкарал, Спатаев ауылдары маңындағы бейнебақылау камералары бүгіннен бастап іске қосылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жыл басынан бері облысқа қарасты республикалық және халықаралық маңызы бар трассаларда – 57, жергілікті маңызы бар автожолдарда 73 жол-көлік оқиғасы тіркелді. Жалпы өңір бойынша 212 жол-көлік апаты болды, салдарынан 286 адам жарақаттанды, 51-і ажал құшты.

Мамандар облыс аумағындағы жол-көлік оқиғаларының жартысынан астамы жылдамдықты шектен тыс асырудан орын алатынын айтуда. Сондықтан облыстағы республикалық маңызы бар жолдарға «Сергек» видеобақылау жүйелері орнатылуда.

«Аталған бейнебақылау камералары жылдамдықты шектен тыс асырған көлікті дер кезінде анықтайды. Барлық «Сергек» жүйелерінің алдында ескерту белгілері орнатылған. Сондықтан жолда мұқият болып, жолда жүру ережесін сақтаңыздар, құрметті жүргізушілер!», - дейді Түркістан облысы полиция департаментінің әкімшілік полиция басқармасының бастығы Алмасхан Тастанбеков.



Ұқсас жаңалықтар

Jańalyqtar

Үрдіс

MURAǴAT