Түркістан облысының Төлеби ауданында 120 отбасы баспаналы болды

Фото: None
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Түркістан облысы, Төлеби ауданында 120 отбасы баспаналы болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Леңгір қаласында «Нұрлы жер» бағдарламасымен құрылысы аяқталған 20 пәтерлі көпқабатты 6 тұрғын үй пайдалануға берілді. Олардың ішінде халықтың әлеуметтік осал топтары санатындағы 60 отбасы, ата-ана қамқорлығынсыз қалған 3 адам, көпбалалы отбасылар санатындағы 57 жанұя бар.

«Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша қолжетімді тұрғын үй құрылысының көлемі биыл да артады. Осының бәрі – халықтың әл-ауқатын арттыруға бағытталған мемлекеттік саясаттың жемісі. Жаңа қоныс иелерін шын жүректен құттықтаймын»,- деді облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев.

Жалпы, Төлеби ауданында барлығы 4520 азамат тұрғын үйге мұқтаж ретінде кезекке тіркелген.


Соңғы жаңалықтар