Түркістан облысының таулы аудандарында жылыту маусымы басталды

None
None
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Түркістан облысындағы бюджеттік мекемелерге қажетті 169,1 мың тонна көмір толық тасымалданған. Бүгін бұл туралы Түркістан облыстық өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Марғұлан Марайым мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Басқарма басшысының айтуынша, облыстағы 2830 бюджеттік мекеменің барлығы қысқы маусымға дайын. Орталықтандырылған жылумен қамтамасыз ететін мекемелерге қажетті 106,6 мың тонна көмір жеткізілген. Ал, облыстағы темір жол станциясы қоймаларындағы «Шұбаркөл» көмірі  тоннасына  14-15  мың теңге,  «Ботақара» көмірі 10-11 мың теңгеден босатылуда.

 «Облыс бойынша жеке тұрғындардың алдағы күзгі-қысқы кезеңдегі   көмір отынына деген жалпы қажеттілігі -  902 мың тонна,  бүгінгі  күнге   темір  жол станцияларындағы  қоймаларға тасымалданғаны - 689,1 мың тонна. Облыстағы  орталықтандырылған жылумен қамтамасыз етілетін көпқабатты тұрғын үйлердің саны - 544,   олар жылу  беру маусымына  толық дайын. Дербес қазандықтардың саны - 10, барлығы қысқы маусымға даяр. Облыстың жылу беру дайындығына апта сайын тұрақты мониторинг жүргізілуде», - деді Марғұлан Зұлхарнайұлы.

 Бұдан бөлек, мазут отынына деген облыс бойынша қажеттілік көлемі 10 мың тонна болып отыр. Энергетика министрлігімен тасымалдау кестесі бекітіліп, келісімшарт жасалған.

 Айта кетерлігі, облыстың солтүстік және таулы Созақ, Төлеби, Түлкібас аудандарында 15 қазаннан бастап жылу берілді.

Соңғы жаңалықтар