Түркістан облысының тауларында жоғалған туристерді іздестіру жұмыстары жалғасуда

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Кинологиялық есепті қоса алғанда 10 адамнан тұратын республикалық жедел-құтқару жасағының (РЖҚЖ) жеке құрамы, Түркістан облысының тауларында іздестіру-құтқару жұмыстарын жалғастыруда, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

10 маусым күні Өгем арнасының бойындағы Жетіүңгір шатқалы мен Өгем және Айғыржыққан өзендерінің қосылған жері зерттелді, алайда іздеу жұмыстары нәтиже бермеді.

11 маусымда РЖҚЖ құтқарушылары тікұшақпен туристердің заттары табылған жерге жеткізілді.

«Құтқарушылар екі топқа бөлініп, Айғыржыққан шатқалында іздестіру-құтқару жұмыстарына кірісті. Іздеу-құтқару жұмыстары өзеннің күшті ағысына және таулы рельефке байланысты күрделене түсуде. Сонымен қатар, жоғалған студенттерді іздеу аймағын кеңейту мақсатында, 11 маусым күні Республикалық жедел-құтқару жасағынан қосымша күш ретінде, жеке құрамнан 8 адам жіберілді, оның 2 кинологиялық есеп»,-деп хабарлады «ҚР ТЖМ РЖҚЖ» ММ баспасөз қызметі.

Еске саласақ, өткенде Төлеби ауданының 112 пультіне, Сайрам-Өгем мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің аумағында 7 адамның жоғалғаны туралы хабарлама 2021 жылғы 25 мамырда, 18 сағат 30 минутта келіп түскен болатын.

21 мамырда туристер жаяу «Сары-Айғыр» шатқалына бет алған, ал 24 мамыр қайту керек болатын.

Бұған дейін жоғалған үш турист табылып, құтқарылды.

Өкінішке орай, екі туристің денесі табылды.



Соңғы жаңалықтар