+7 (701) 759 90 19
USD 425.73 EUR 498.32
RUB 5.8 CNY 65.85
Jańalyqtar

Түркістан облысының тауларында жоғалған екі туристің денесі табылды

2021 жылғы 29 мамыр 13:05
Бөлісіңіз:
Түркістан облысының тауларында жоғалған екі туристің денесі табылды

ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Түркістан облысының тауларында жоғалған екі туристің денесі табылды, - деп хабарлады ТЖМ ресми өкілі Талғат Уәли.

Ұқсас жаңалықтар
Алматыда сот орындаушыларына оқ атқан адамды ұстау сәтінің видеосы пайда болды Атырауда екі қабатты мансардты үй өртеніп кетті Алматыдағы атыс: Қылмыстық іс қозғалды

«29 мамыр күні сағат 00:30-да іздестіру жұмыстарының барысында Өгем өзенінен бір адамның денесі табылды. Ол 1999 жылы туған, тауда жоғалып кеткен туристер тобының бірі екені анықталды. Екінші жігіттің денесі бүгін Өгем өзенінен 3 шақырым жерден табылды» делінген хабарламада.

Жігіттердің денесі «Қазавиақұтқару» АҚ МИ-171 тікұшағымен Шымкент қаласына жөнелтілді.

Қалған екі адамды іздестіру жұмыстары жалғасуда. Жердегі іздестіруді құтқарушылар, полиция қызметкерлері, шекара қызметінің ат патрулі, ұлттық парк қызметкерлері және жоғалғандардың туыстары жүргізуде. Сондай-ақ, әуеден іздеу үшін ҚР ТЖМ «Қазавиақұтқару» АҚ екі борты жұмыс істеуде.

Аталған факті бойынша Түркістан облысының полиция департаменті сотқа дейінгі тергеуді бастады. Сараптамалар тағайындалды, олардың нәтижелері бойынша өлімнің себебі анықталатын болады.

Еске салайық, Төлеби ауданының Сайрам-Өгем мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің аумағында 7 адамның жоғалғаны туралы хабарлама 2021 жылғы 25 мамырда 18 сағат 30 минутта келіп түсті. Олардың үшеуі кеше табылған болатын. 21 мамырда туристер жаяу «Сары-айғыр» шатқалына бет алған және 24 мамырда қайту қажет болған. Алайда қайтар жолда адасып кеткен.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059

MURAǴAT