Түркістан облысының тәртіп сақшылары Ресей азаматына ұрланған көлігін тауып берді

None
None
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ. ҚазАқпарат – Түркістан облысы Полиция департаментінің криминалдық полиция қызметкерлері Ресей азаматына ұрланған қымбат автокөлігін қайтарып берді, деп хабарлайды департаменттің баспасөз қызметі.

Естеріңізге сала кетейік, Сарыағаш АПБ-не Ресей жүргізушісі арызданып, Жібек жолы елді мекеніндегі автотұрағынан белгісіз азаматтардың оның құны 20 миллион теңгеден асатын «Тойота Ланд Крузер 200» маркалы автокөлігін ұрлап кеткенін көрсеткен. Аталған жайт Сарыағаш АПБ-не ҚР ҚК-нің 188-бабы «Ұрлық» бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне енгізілді.

Қылмысты ашу мақсатында Түркістан облысы ПД Криминалдық полиция және Тергеу басқармасының тәжірибелі қызметкерлері қатарынан жедел-тергеу тобы құрылды. Полиция қызметкерлері қажетті жедел-іздестіру іс-шараларын өткізді, оның ішінде қылмыс орнын тексеріп, куәгерлер арасында сұрақ-жауап жүргізді.

Іске асырылған шаралар нәтижесінде, жедел уәкілдер автокөлікті айдап кеткен күдіктілердің ізіне түсті. Олар Шымкент қаласынан ұсталды. Күдіктілер ағайынды және мегаполис тұрғындары болып шықты. Сондай-ақ, Түркістан облысының полиция қызметкерлері жүргізілген іздестіру іс-шаралары барысында, Қарағанды қаласында ұрланған затты сатып алушы қолға түсті.

Қазіргі таңда күдіктілер қамауда. Сотқа дейінгі тергеу барысында жедел уәкілдер қрланған 5 қымбат автокөлікті тапты. Олардың арасында РФ Липецк қаласының тұрғыны Александр Негробованың «Джип» маркалы көлігі де болды.

Белгілі болғандай, оның Липецкідегі шетел көлігін белгісіз біреулер ұрлап кеткен. Бұл туралы ол қалалық полицияға мәлімдеді. Екі ай өткен соң оған көлігін Қазақстанда Түркістан полицейлері тапқаны туралы қоңырау келіп түсті. Бүгін Александр Түркістанға келді. Қажетті іс-шаралардан кейін ер адам өз меншігін алады.

Өз кезегінде, ресейлік азамат Түркістан облысы тәртіп сақшыларының жұмысы мен қызметіне табыс тіледі және тағы да криминалдық полиция қызметкерлеріне ұрланған көлігінің қайтарылғаны үшін алғысын білдірді.

Соңғы жаңалықтар