Түркістан облысының сыртқы сауда айналымы 580,7 млрд долларды құрады

None
None
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат – Түркістан облысының Мемлекеттік кірістер департаменті түсімдер бойынша республикада 2-орынды иеленеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Мемлекеттік кірістер депарментінің басшысы Дулат Нұрмолдиннің мәліметінше, өткен жылдың қорытындысы бойынша, мемлекеттік бюджет жоспары 101,2 пайызға орындалып, бюджетке нақты 194 млрд 593 млн түсім түсті. Осылайша, департамент 2019 жылдың нәтижесімен республикада 2-орынды иеленді.

Сонымен қатар республикалық бюджетке нақты 130 млрд 442 млн теңге өндіріліп, жоспардың орындалуы 107% құрады. Түсімдердің өсу қарқыны 2018 жылмен салыстырғанда 39 пайызға артқан.

«2019 жылы Түркістан облысының сыртқы сауда айналымы 580 млрд 7 млн АҚШ долларын құрады. Өткен жылмен салыстырғанда 2,7 млн АҚШ долларына ұлғайған. Тауар айналымының өсуінің басым бөлігі жеміс-жидектер және құрылыс материалдары есебінен болды. Облыс Өзбекстан мемлекетімен шекаралас орналасқан. Екі ел арасындағы сауда айналымын ұлғайтып, шекарадан өтетін жеке тұлғаларға қолайлы жағдайлар жасау бағытында «Қазығұрт», «Қапланбек», «Б.Қонысбаев», «Атамекен» кеден бекеттерін жаңғырту жүргізілуде», - деді Дулат Нұрмолдин.

Бұдан өзге, мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру үшін облыстың 16 мемлекеттік кірістер басқармаларында 18 ақпаратты қабылдау, өңдеу және беру орталықтары орналасқан. Департамент тарапынан 44 қызмет түрі көрсетіледі: салық қызметінде - 27, кеден қызметінде – 17.

Айта кетерлігі, шекардан өту уақыты бойынша 2019 жылғы индикатор 57 минутты құраған. Орташа уақыты 35 минутқа жеткізілген.

«Кедендік шекара арқылы заңсыз есірткі тасымалына қатысты «Қазығұрт» кеден бекетінде - 16 құқық бұзушылық, «Жібек Жолы» кеден бекетінде - 11, «Қапланбек» кеден бекетінде - 4, «Атамекен» кеден бекетінде - 1 дерек анықталды.

Атап өтетін жағдай, «Жібек Жолы» кеден бекетінде жалпы салмағы 12 келі құрайтын «героин» және жалпы салмағы 3,522 келі «каннабис смоласын» ірі көлемде жасырын алып өту фактісі анықталды. Сонымен қатар, «Атамекен» кеден бекетінде жалпы салмағы 2 келі «героин» түріндегі есірткі заттарының кедендік бақылаудан тыс алып өту фактісі тіркеліп, құқық қорғау органдарына тиісті шара қолдану үшін жолданды. Сондай-ақ, жалған құжаттар дайындау, өткізу немесе пайдалану дерегімен заңсыз көлік тасымалдары да анықталды», - деді департмент басшысы.


Соңғы жаңалықтар