+7 (701) 759 90 19
USD 387.16 EUR 428.47
RUB 6.08 CNY 55.13
Jańalyqtar

Түркістан облысының спортшыларына сый-құрмет көрсетілді

2019 жылғы 15 қазан 20:22
Бөлісіңіз:
Түркістан облысының спортшыларына сый-құрмет көрсетілді

ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Түркістан облысы әкімінің орынбасары Сәкен Қалқаманов халықаралық спорт жарыстарының жүлдегерлері мен олардың бапкерлерімен кездесті, деп хабарлайды облыстық әкімдіктің баспасөз қызметі.

Ұқсас жаңалықтар
Қазақстандық Ұлттық құрама боксшылары Нидерландта бақ сынады Әскери спортшылар ММА чемпионы атанып, жүлдеге ие болды Қазақстандық спортшы панкратионнан әлем чемпионы атанды

Басқосуға самбодан ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушы, Әлем чемпионатының 2 дүркін жеңімпазы Әбдісадық Халилаев, Бокстан біліктілігі жоғары деңгейдегі жоғары санатты жаттықтырушы Алмас Қуатбеков, Дзюдодан жоғары санатты жатықтырушы, ҚР халықаралық дәрежедегі спорт шебері Мәди Құрымбаев қатысты.


Биылғы жылдың қазан айында Уланд-Удэ қаласында өткен Әйелдер арасындағы бокстан өткен жарыста жерлесіміз, әйелдер арасындағы Әлем чемпионатының қола жүлдесіне Дина Исламбекова ие болды. Сондай-ақ жуырда Алматы қаласында ұйымдастырылған Дзюдодан жасөспірімдер арасындағы Әлем чемпионатында Айдар Арапов қола жүлдені жеңіп алды. Ташкент қаласында 11-14 қазан күндері самбодан жарысқа түскен жерлестеріміз сәтті өнер көрсетті. Түркістан облысының спортшылары 1 күміс және 2 қола медальға ие болды. Осылайша, облысымыздың бес бірдей өрендері Әлем чемпионатында топ жарды. Жас спортшылар халықаралық жарыстарда көрсеткен өнері, алған әсерлері жөнінде ой бөлісіп, келешек жоспарлары туралы айтты. Облыс әкімінің орынбасары өңірдің спорт саласын дамытуға және халықаралық аренада Қазақстанның имиджін ілгерілетуге үлес қосқан жас шеберлердің еңбектерін ерекше атап өтті.

«Түркістан облысынан бес бірдей жас спортшы жүлде алып, елді қуантып отыр. Расында да жастардың сіздерге қарап бой түзейтіне және үлгі аларына сенемін. Себебі спорт – денсаулық пен ұзақ өмір сүрудің кепілі. Мемлекет, облыс әкімдігі тарапынан спортты дамытуға әрқашан көңіл бөлінеді. Қазіргі таңда өңірімізде спорт кешендері, футбол алаңдары салынып жатыр. Біз әрқашан спортты қолдаймыз. Алдағы уақытта аламан бәйгелерде топ жарып, облысымыздың атын шығаруға үлкен үлес қосасыздар деп сенемін. Еліміздің ертеңі өздеріңіз секілді жастардың қолында», – деді облыс әкімінің орынбасары Сәкен Қалқаманов.


Облыс әкімінің орынбасары спортшыларды қол жеткізген жетістіктерімен тоқтап қалмай, жаңа табыстарға жете беруге шақырды. Кездесуде жас спортшыларға Түркістан облысы әкімінің атынан естелік сыйлықтар табыс етілді.




Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Түркістан облысы, Спорт,
Бөлісіңіз:

Автор:

Айнұр Ақбаева

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT