Түркістан облысының Созақ ауданында 70-ке жуық күн батареясы орнатылды

None
None
СОЗАҚ. ҚазАқпарат – Былтыр Түркістан облысының Созақ ауданында шаруа қожалықтары үшін күннен қуат алатын 68 құрылғы орнатылды. ҚазАқпарат бұл туралы облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

«Өткен жылы Созақ ауданында «Инвест» мемлекеттік бағдарламасы аясында ауыл шаруашылығы саласын дамытып, шалғайдағы малшыларға қолдау көрсету мақсатында 585 млн теңгеге 43 артезиан құдығы қазылған. Жайылымдарды суландыру мақсатында орнатылған құдықтарға 320 млн теңгеден астам субсидия берілді. Одан бөлек, 68 шаруа қожалығына күннен қуат алатын қондырғы орнатылып берілді. Мемлекет тарапынан бұл мақсатта 164 млн теңгеден астам субсидия төленді», - деді әкімдіктен.

Мәлім етілгендей, жалпы ауданда 800-ден астам агроқұрылым бар. Ауданда ауыл шаруашылығы саласын дамыту негізгі мақсаттардың бірі. Мәселен, 2018-2020 жылдары мал шаруашылығына арналған барлығы 62 артезиан құдығы орнатылды.

«Биыл да шалғайдағы мал шаруашылығымен айналысатын 40 шаруалылыққа құдық қазылып, агроқұрылымдарға күн сәулесі арқылы жарықтандыру қондырғылары орнатылады. Өңірде шаруаларды қолдап, субцидиялауға бағытталған «Инвест» мемлекеттік бағдарламасына деген қызығушылық артуда», - деді Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметінен.


Соңғы жаңалықтар