Түркістан облысының Созақ ауданына жаңа әкім тағайындалды

None
None
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Түркістан облысы Созақ ауданының әкімі болып Мұхит Тұрысбеков тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Тұрысбеков Мұхит Сексенбайұлы 1967 жылғы 30 қыркүйекте Оңтүстік Қазақстан облысы, Созақ ауданында дүниеге келген. Мамандығы бойынша инженер-құрылысшы және шетел тілін меңгерген халықаралық экономикалық қатынастар маманы.

Еңбек жолында Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру Оңтүстік Қазақстан аймақтық комитеті кадрлық жұмыс бөлімі және талдау, бақылау және қаржыны жайғастыру жөніндегі басқармасында басшылық лауазымдарда жұмыс істеген. Сондай-ақ ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті Солтүстік Қазақстан департаментінің басшысы, Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданының әкімі, «Қуат жылу орталық-3» МКК-нің директоры, Түркістан облысының Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасының басшысы қызметтерін атқарған.

Ал бұған дейін Созақ ауданын басқарған Салыхан Полатов құрмет демалысқа шықты.


Соңғы жаңалықтар