Түркістан облысының шекара аймақтарында энергетика бекеттері құрылды

None
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Түркістан облысындағы шекаралық аймақтарда энергетика бекеттері құрылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Энергетика бекеттері дизель отынын көршілес елдерге заңсыз тасымалдау жолын кесу мақсатында жұмыс істей. Сондықтан олар шекаралық аймақтарда орналасқан және қазіргі таңда Сарыағаш ауданындағы - «Жібек жолы», «Қазығұрт», Келес ауданындағы - «Б. Қонысбаев», Мақтаарал ауданындағы «Сырдария», «Атамекен», «Целинный» өткізу пунктерінде жұмыс істеп тұр.

«Облыста жанармай тапшылығын жасанды түрде тудырып отырған жанармай бекеттерін тексеру үшін арнайы жұмыс тобы құрылды. Құрамына облыс әкімдігі, Мемлекеттік кірістер, Экономикалық тергеп тексеру, Бәсекелестікті қорғау және дамыту департаменттерінің мамандары енген жұмысшы тобы Шымкент-Сарыағаш, Сайрам-Түлкібас, Түркістан-Шымкент бағытындағы жол бойында орналасқан бекеттерді тексеріп, біршама кемшіліктерді анықтады», - деді Түркістан облысының Кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы басшысының міндетін атқарушы Қанат Шонбасов.

Айта кетейік, бұдан бұрын Түркістан облысында мұнай өнімдерін заңсыз тасымалдаудың 94 дерегі анықталғанын жазған болатынбыз.


Соңғы жаңалықтар