Түркістан облысының шаруалары 654 мың тонна өнім экспорттады

None
None
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Жыл басынан бері Түркістан облысының шаруалары 654 мың тонна өнім экспорттаса, оның жалпы құны 69,9 млн АҚШ долларын құраған. Бүгін бұл туралы облыс әкімдігінде өткен брифингте Түркістан облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Нұрбек Бадырақов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат өңір басшысының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Соңғы жылдары мал етін өндіруде Түркістан облысы елімізде көш бастап келеді. Айталық, соңғы 7 айда Түркістан облысынан Өзбекстан, Ресей елдеріне 4 100 тонна сиыр, Өзбекстан, Иран, Бахрейн, Ресей елдеріне 243,8 тонна қой, Өзбекстан, Ресей елдеріне 33,8 тонна жылқы еттері шығарылды. Осы жұмыстардың нәтижесінде ірі қара мал етін экспорттауда Түркістан облысы елімізде алдыңғы қатардан көрініп отыр.


Бұдан бөлек, өңірде қайта өңделген ауыл шаруашылығы өнімдерінің экспорт көлемі 43,4 мың тоннаға жеткен. Ал қаржылық әлеуеті 40,5 млн АҚШ долларын құраған. Бұл көлем жыл соңына дейін 97,2 млн АҚШ долларына жетеді деп жоспарлануда.
Сондай-ақ, өңірден 1 445,9 тонна балық өнімдері Еуропаның Германия, Литва және Ресей, Украина, Өзбекстан елдеріне жөнелтілсе, 11,2 тонна шұжық өнімдері мен 1 468 тонна құс еті Ресейге экспортқа шығарылған.


Соңғы жаңалықтар