+7 (701) 759 90 19
USD 443.50 EUR 479.47
RUB 5.79 CNY 62.51
Jańalyqtar

Түркістан облысының Сайрам ауданында сүт зауыты іске қосылды

2020 жылғы 7 ақпан 16:31
Бөлісіңіз:
Түркістан облысының Сайрам ауданында сүт зауыты іске қосылды

ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев жұмыс сапарымен Сайрам ауданына келді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
Салықтан босатылатын қызмет түрлері көрсетілген Үкімет қаулысы шығады Төтенше жағдайдан бизнес саны қаншалықты қысқарғаны есептеледі Ұлттық банк ШОБ-ты кредиттеудің жаңа бағдарламасын жүзеге асыруға кірісті

Облыс басшысы әуелі Сайрам ауданынан өтетін облыстық маңызы бар КХ-97 «Ақсу – Шымкент» автомобиль жолының қайта құру жұмыстарымен танысты. Содан кейін аудан әкімі Ұласбек Сәдібековпен бірге «Қамқорлық» аймақтық бағдарламасы аясында көмек алған Қарасу ауылдық округінің тұрғынының шаңырағына барып, отбасының бүгінгі тұрмыс-тіршілігін көрді.




Бұдан кейін Өмірзақ Шөкеев Сайрам ауданынан өтетін облыстық маңызы бар КХ-3 «Көксәйек – Ақсу – Шаян – Мыңбұлақ» автомобиль жолына күрделі жөндеу жұмыстары қажеттігіне көз жеткізді. Аудан орталығы Ақсукент елді мекенін ретке келтіру жұмыстарымен бағамдады.

Сондай-ақ, сапар барысында облыс әкімі бастаған жұмысшы топ Ақсукент ауылдық округіндегі ауысымына 500 адам қабылдайтын аудандық емхана мен жедел жәрдем станциясының құрылыс жұмыстарымен танысты. Емдеу мекемесі жақын күндері ашылмақ.


«Облыс басшысы Сайрам ауданындағы жұмыс сапарын Ақсукент ауылдық округінде орналасқан «АЙКАН» ЖШС сүт зауытында қорытындылады. «AYKAN» ЖШС сүт өнімдерін өңдейтін зауытының ашылуы салтанатына қатысты. Аталған өндіріс орны «Өңірлер кәсіпкерлігін қолдау картасы аясында» іске қосылған. «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасы аясында 100 млн. теңге және 24 млн. теңге көлемінде инвестициялық субсидияға қолдау көрсетілген. Жаңа өндіріс орнында тәулігіне 100 тонна сүт өндіріледі. 80 адам тұрақты жұмыспен қамтылған өндірісте түрік технологиясымен ірімшіктің 9 түрі шығарылады», - деді облысы әкімінің баспасөз қызметінен.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT