Түркістан облысының санитариялық талаптарды сақтамаған медицина мекемелеріне 75,6 млн теңге айыппұл салынды

None
None
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат- Түркістан облысының санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды сақтамаған медицина мекемелеріне 75 634 206 теңге айыппұл салынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Түркістан облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау қызметі 2022 жылдың бірінші жартыжылдығында 1 343 медициналық объектілерде тексеру жүргізді. Нәтижесінде кейбір нысандарда ыстық судың болмауы, желдеткіш жүйелерінің жоқтығы, медициналық қалдықтарды жинау мен сақтау талаптарының сақталмауы сияқты бірқатар кемшіліктер анықталып, бұзушылықтарды жою бойынша 75 634 206 теңге сомасында 1372 айыппұл санкциясы салынды, 90 санитариялық ұйғарым берілді. 49 медицина қызметкері жұмыстан уақытша шеттетілді, 11 материал сотқа жолданды.

Түркістан облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті халықтың санитариялық саламаттылығын қамтамасыз ету мақсатында медициналық мекемелердің басшыларын, сондай-ақ барлық медицина қызметкерлерін ҚР ДСМ қолданыстағы нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес денсаулық сақтау объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар мен қағидаларды сақтауға және бейінді салалар бойынша функционалдық міндеттерді орындау бойынша жұмыс жасауға шақырады. Себебі, медициналық ұйымдарда санитариялық-эпидемиологиялық және дезинфекциялық-стерилизациялық талаптарды сақтамау өз кезегінде объектіде түрлі қауіпті инфекциялық аурулардың таралуына әкеп соғуы мүмкін.

Соңғы жаңалықтар