Түркістан облысының прокуроры түрмеде жазасын өтеушілермен кездесті

None
None
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Түркістан облысының прокуроры Нұрғалым Әбдіров Төлеби ауданындағы ИЧ-167/9 түзеу мекемесіне барып, оның жеке құрамымен әңгіме өткізді. Түзеу мекемесінде сотталушылардың өмір сүруіне қандай жағдай жасалғанын қарап шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Мекемені аралау барысында Нұрғалым Әбдіров жәбірленушілерге залалды өтеу деңгейін жоғарылату және қылмыстық істер бойынша қарызы бар сотталушыларды жұмыспен қамту мәселелерін мекеме әкімшілігінің алдына қойды. Сонымен қатар, сотталушылармен жеке қабылдау өткізіп, оларды толғандырған мәселелермен танысты. Жазасын өтеушілер негізінен шартты түрде мерзімінен бұрын босап шығу мен өтеу жазасын жеңілдеу түріне ауыстыруға қатысты сұрақтар қойды. Қабылдау барысында азаматтарға жазадан босаудың негіздемесі мен тәртібі жайлы түсініктемелер берілді.
null

Облыс прокуроры бұдан өзге Төлеби ауданының тұрғындарымен де кездесіп, олардың бірқатар проблемаларымен тыңдады. Қабылдауға келген 9 азамат елдімекендерді газбен және таза ауыз сумен қамтамасыз етуде туындаған өзекті мәселелерді жеткізді. Азаматтарды қабылдау аяқталған соң Нұрғалым Әбдіров аталған проблемаларды қадағалау органы тарапынан назарға алып, шешу жолдарын қарастыратынын атап өтті.

null

Соңғы жаңалықтар