+7 (701) 759 90 19
USD 405.77 EUR 457.91
RUB 5.77 CNY 57.42
Jańalyqtar

Түркістан облысының прокуроры төлебилік тұрғындармен кездесті

2019 жылғы 31 қазан 20:20
Бөлісіңіз:
Түркістан облысының прокуроры төлебилік тұрғындармен кездесті

ТӨЛЕБИ. ҚазАқпарат – Түркістан облысының прокуроры Нұрғалым Әбдіров Төлеби ауданының тұрғындарымен кездесті. Қадағалаушы орган өкілімен кездесуге әр елдімекеннен 200-ден астам тұрғын жиналды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Кездесу барысында аудан прокуроры Д.Тлемисов азаматтардың құқықтарын қорғау және құқықбұзушылықтың алдын алу бағытында атқарған жұмыстарын баяндап өтті. Сондай-ақ, аудандық полиция бөлімінің бастығы Б.Жанаев та тұрғындарға құқық бұзумен күресу бағытында жүргізілген жұмыстарды жеткізді. Мұнан кейін облыс прокурора азаматтарды жеке қабылдады. Ауданның 9 тұрғыны Нұрғалым Әбдіровке арыз-шағымын айтып, мәселесін жеткізді.

Өтініштердің бір бөлігі бойынша түсіндірме беріліп, қабылдауға қатысып отырған аудан әкімдігінің, полиция және басқа да органдар басшылығына тиісті тапсырмалар берілді. Басқа да арыздар прокурорлық бақылауға алынды. Сауалдардың бірқатары тұрғын үйлерді инфрақұрылым жүйелерімен қамтамасыз етуге қатысты болса, енді бір бөлігі жол-көлік оқиғаларын қамтыды.

Қашықтыққа қарамай облыс прокурорымен кездесуге шалғайдағы ауыл тұрғындары да келіп, ауылдағы қылмыстың жағдайын жеткізді. Азаматтардың сын-ескертпесі қудалаушы орган жүргізіп жатқан тергеп-тексеру мен профилактикалық іс-шаралардың сапасына да қатысты болды. Осыған орай, полиция басшылығына өңірде тергеу сапасын жоғарылату мен құқықтық тәртіпті орнату тапсырылды.

Іс-сапар барысында облыс прокуроры азаматтарды қабылдаумен шектелмей облыстық соттың төрағасымен бірлесіп жергілікті активпен кездесіп, ауданға маңызы зор мәселелерді талқылап өтті.

Атап айтқанда, кей санаттағы істерді қарау сот тәжірибесі, құқықбұзушылықтың төмендеуіне әсер ететін көшелерді және жолдарды жарықтандыру, бейнебақылау құрылғыларын орнату, тірек пунктілерінің қызметін жандандыру жайы сөз болды. Прокурор құрылысы он жылдан астам уақыт бұрын жүргізілген, алайда тіркеуден өтпеген тұрғын үйлерді заңдастыру мәселесіне ерекше назар аударды. Мұндай құрылыстар 300-ден асады және үй иелері қайда баратынын, оны қалай заңдастыратынын білмейді.

Облыс прокуроры барлық әлеуметтік топтың пікірін тыңдап, аумақтағы жағдайға қанықты.

«Азаматтардың қызығушылығы прокуратура органдарына деген сенімнің жоғары екенін көрсетеді. Сондықтан мұндай кездесулер облысымыздың басқа да өңірлерінде және жүйелі түрде өткізіледі», - деді Нұрғалым Әбдіров.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Айнұр Ақбаева

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT