+7 (701) 759 90 19
USD 448.01 EUR 495.86
RUB 5.64 CNY 63.19
Jańalyqtar

Түркістан облысының прокуроры тағайындалды

2020 жылғы 19 ақпан 13:24
Бөлісіңіз:
Түркістан облысының прокуроры тағайындалды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысының келісіміне сәйкес, ҚР Бас прокурорының бұйрығымен Түркістан облысының прокуроры қызметіне Алиханов Марат Тілеуқабылұлы тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
Қызылорда облыстық жұмылдыру дайындығы басқармасының басшысы тағайындалды Қазақстанда апта ішінде болған кадрлық тағайындаулар БҚО Бәйтерек ауданының әкімі тағайындалды

Өңір активіне Түркістан облысының жаңа прокурорын ҚР Бас прокурорының бірінші орынбасары Берік Асылов таныстырды.

Марат Алиханов бұрынғы Целиноград облысының Есіл қаласында 1965 жылы туған. Е.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін «құқықтану» мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 1989 жылы Ақтөбе облысының Ақтөбе қалалық прокуратурасында тағылымдамашы-тергеуші қызметінен бастаған. Ақсу ауданының соты, Павлодар облысының Екібастұз ауданы, Ақсу қаласы мен Павлодар ауданының прокуроры қызметтерін атқарған. Прокуратура органдарында тәжірибесі мол, оның ішінде басшылық лауазымдарда. ҚР Бас прокуратураның Басқарма мен Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінде және Ақмола облысында құқық қорғау органдарының басшылық құрамында, ҚР Бас көлік прокуроры болып қызмет атқарған.

Осы күнге дейін Павлодар облысы прокурорының бірінші орынбасары лауазымында қызмет етті.

Прокуратура органдарындағы еңбек өтілі 24 жылдан асады.

Қоғамдық тәртіп пен заңдылықты қамтамасыз ету қызметінде қол жеткізген табыстары мен ерен еңбегіүшін Мемлекет басшысының бұйрығымен ІІ дәрежелі «Айбын» ордені мен «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл» және «Қазақстан Конституциясына 10 жыл» толуына орай шығарылған мерейтойлық медальдарымен марапатталған.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT