+7 (701) 759 90 19
USD 437.20 EUR 475.32
RUB 5.79 CNY 61.94
Jańalyqtar

Түркістан облысының прокуроры мақтааралдық тұрғындармен кездесті

2019 жылғы 25 қазан 05:45
Бөлісіңіз:
Түркістан облысының прокуроры мақтааралдық тұрғындармен кездесті

МАҚТААРАЛ. ҚазАқпарат – Түркістан облысының прокуроры Нұрғалым Әбдіров пен ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаменті басшысы, Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы Болат Исақов Мақтаарал ауданына жұмыс сапарымен барып, аудан тұрғындарымен кездесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Көкшетауда төтенше жағдай режимін бұзған мейрамхана иесі қамауға алынды Атырауда төтенше жағдай режимін бұзған 38 адам жауапқа тартылды Қордай оқиғасы: 3 адам сотталды

Облыстың прокуроры мен департамент басшысы Атакент пен Мырзакентте қоғамдық қабылдау өткізіп, жергілікті азаматтардың мәселесімен танысты. Қабылдауға сондай-ақ, облыстық Полиция департаментінің басқарма басшысы Бауыржан Зиятаев пен аудан әкімі Бақыт Асанов, аудан прокуроры Жұмағали Ботабеков пен аудандық мәслихаттың хатшысы Қадыр Сәрсекбаев, «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы аудандық филиалының басшысы Нұргүл Әбдіразақовалар қатысты.

Құзырлы орган басшыларына жеке мәселелерін айтып келген азаматтар негізінен ауыз су, газ, жол және мақта шаруашылығына қатысты проблемаларын жеткізді. Ауданның әлеуметтік-экономикалық жағдайы туралы мәселелер көтерді. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру мен мемлекеттік қызметкерлерге жағдай жасау және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша ұсыныстарын айтты.

Жергілікті тұрғындар аудандағы қоғамдық-саяси ахуал мен әлеуметтік мәселелер төңірегінде өздерінің ойларымен бөлісті. Өз кезегінде Нұрғалым Әбдіров пен Болат Исақов айтылған мәселелерді мұқият тыңдап, әрбірі бойынша заң аясында түсіндіріп берді. Сондай-ақ, аудан әкімі Бақыт Асанов бақылауға алған мәселелер бойынша да тиісті жұмыстар жүргізілетінін атап өтті. Қоғамдық қабылдаудан соң басшылар шекарадағы «Атамекен» кедендік бекетіне барып, нысанның жұмыс барысымен танысты.

Бүгінде кедендік бекеттің аймағын көріктендіру, көгалдандыру, кеңейту жоспары жүргізілуде. Атап айтқанда, шекара маңынан сауда логистикалық орталығын құру, оның ішінде сауда базарлары, қонақ үй, автотұрақ, қоймалар, тұрғын үйлер мен түрлі спорттық алаңшаларды салу көзделуде.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Айнұр Ақбаева

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT