+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 387.34 EUR 428.44
RUB 6.04 CNY 54.58
Jańalyqtar

Түркістан облысының прокуроры ауыл тұрғындарымен кездесті

2019 жылғы 10 қыркүйек 01:16
Бөлісіңіз:
Түркістан облысының прокуроры ауыл тұрғындарымен кездесті

ТҮЛКІБАС. ҚазАқпарат – Түркістан облысының прокуроры Нұрғалым Әбдіров Түлкібас халқымен кездесіп, 12 азаматты қабылдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Елордадағы Оқушылар сарайына әл-Фараби атын беру ұсынылды Еңбек министрі мүгедектерді оңалтумен мәселесін жеке бақылауына алды Судьяның жаңа рөлі шенеуніктерді тәртіпке салады – Жоғарғы сот

Кездесу барысында тұрғындар негізінен әлеуметтік мәселелерге қатысты көптеп сауалдар қойды. Оның ішінде жеткілікті қамтамасыз етілмеген жанұялардың әлеуметтік жәрдемдерді алудағы қиындықтары, ауылдағы жұмыссыздық, жолдардың жөнделуі және көшелерді жарықтандыруға қатысты болды. Қаралған әрбір мәселе жөнінде тиісті ұсыныстар мен түсініктемелер беріліп, прокуратура қызметкерлеріне нақты тапсырмалар берілді.

Сонымен қатар облыс прокуроры ауданға сапары барысында жергілікті атқару және құқық қорғау органдарының басшылығымен кездесіп, өңірдегі ауыр қылмыстар мен мал ұрлығы және жол-көлік оқиғаларына қатысты қылмыстарды төмендетуге байланысты атқарылатын жұмыстар туралы сұрақтарды талқылады. Пайдаланылмай жатқан жерлерді мемлекетке қайтару және жасөспірімдер арасындағы қылмысты азайту мәселесін түбегейлі шешу жөнінде тапсырмалар берді.

Кездесудің нәтижесінде Нұрғалым Әбдіров мемлекеттік органдарға елді мекендерге шығып, халықпен кездесу арқылы оларға тиісті түсіндіру жұмыстарын жүргізу қажеттігі туралы атап өтті.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Айнұр Ақбаева

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT