+7 (701) 759 90 19
USD 419.54 EUR 509.2
RUB 5.72 CNY 64.81
Jańalyqtar

Түркістан облысының полицейлері жылдамдықты асырған 300 мыңға жуық жүргізушіні анықтады

2021 жылғы 14 қаңтар 22:51
Бөлісіңіз:
Түркістан облысының полицейлері жылдамдықты асырған 300 мыңға жуық жүргізушіні анықтады

ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат – Түркістан облысының полицейлері жылдамдықты асырған 300 мыңға жуық жүргізушіні анықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Түркістан облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Түркістан облысының аумағында карантин мен шектеу шаралары ұзартылды Өскемен автобустарында электронды билеттеу жүйесі ақпанда іске қосылады Қауіпсіз жол: Ақтөбе облысында бір тәулікте жол ережесін бұзудың 512 фактісі анықталды

Баспасөз қызметінің мәліметтеріне қарағанда, Түркістан облысының полицейлері жол апаттарының алдын алу мен болдырмау мақсатында әрдайым жүелй жұмыстар атқарып келеді. Облыс полицейлерінің нәтижелі жұмыстарының арқасында аумақта қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін бейнекамералар мен арнайы жылжымалы кешендер саны артты. Соның негізінде 2020 жылдың 12 айында жол ережесін бұзған жүгенсіз жүргізушілер ұсталып, оларға қатысты тиісті әкімшілік шара қолданылды.

«Яғни өткен жылы тәртіп сақшылары 300 мыңға жуық жылдамдықты асырған және қарсы жолаққа шыққан 700-ге жуық жүргізушіні анықтады. Сонымен қатар жол қозғалысы кезінде ұялы телефонмен сөйлескен 6 мыңға жуық, қауіпсіздік белдігін тақпаған 30 мыңнан астам жүргізушіні ұстады»,- делінген хабарламада.

Өз кезегінде бұл сандар тәртіп сақшыларының жұмысты одан әрі де жандандырып, 2019 жылмен салыстырғанда әлдеқайда жоғары көрсеткішке қол жеткізгенін көрсетті. Сондай-ақ әкімшілік құқықбұзушылық бойынша өндірілген ақша көлемі де қомақты болды. Мәселен 2019 жылы 1 миллиард 200 миллионнан астам теңге өндірілсе, 2020 жылы 4 миллиард 300 миллионнан астам теңге мемлекет қазынасына қайтарылды.

Жалпы облыс полицейлері жол қозғалысын қадағалау мақсатында профилактикалық жедел іс-шараларды күн тәртібінен түсірмей келеді. Мұндай нәтижелі жұмыстар тұрғындар мен қонақтардың қауіпсіздігін ұдайы қамтамасыз ету мақсатында алдағы уақытта да жалғасын таппақ.

Айта кететін жайт, облыс көлемінде полицейлердің қадағалауында 56 бейнекамера мен 21 фиксатор бар. Болашақта аталған кешендердің санын арттыру жайы да қаралуда.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT