Түркістан облысының Отырар ауданында ұлттық ойындардан жарыс өтті

None
None
ОТЫРАР. ҚазАқпарат - Түркістан облысы, Отырар ауданында көкпардан аудан әкімінің жүлдесі үшін жастар арасында облыстық ашық турнир өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұлттық ойынды жұртшылық арасында кеңінен насихаттап, салауатты өмір салтына айналдыру мақсатында ұйымдастырылған шараны аудан әкімдігі мен Ұлттық ат спорты федерациясы өткізді.

Спорттық шараның ашылу салтанаты қыз қуу мен теңге ілуден көрсетілімдік көріністерден басталды. Биыл үшінші мәрте жалауын желбіретіп отырған дүбірлі додаға Қазығұрт және сансыз бабтар мекені Сайрам аудандарынан шабандоздар қатысты. Ал, көкпарға ауданның атынан екі бірдей команда қатысып, мықтылықтарын көрсетті. Шабандоздар додасына аудан әкімі Әбдіғани Жүнісов қатысып, командаларға сәттілік тіледі. «Халқымыздың ұлттық ойыны ретінде атадан балаға жалғасып келе жатқан делебені қоздырып,қанды қыздыратын көкпар Елбасымыздың »Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру« және »Ұлы даланың жеті қыры« атты бағдарламалық мақалаларында айтылған рухани құндылықтың бірегейі, ата-бабаларымыздан мұра болып, бүгінгі күнге ұлттық құндылықтарымыздың бірі ретінде жеткен, тақымы мықты шабандоздарымызды төзімділікке, қайсарлыққа баулитын, жігерін жанитын, ат құлағында ойнайтын ептілікті үйрететін бірегей ұлттық спорт түрі екен белгілі», - деді аудан әкімі. Сондай-ақ Ұлттық ат спорты федерациясының облыстық және аудандық филиал басшылары Нұрмахан Жолдасов пен Төре Ақжігіттер де жылы лебіздерін білдірді. Командалық сайыста Отырар ауданының бірінші командасы жүлделі үшіші орынды иеленсе, ақтық сайыста жолдары түйіскен Сайрам және Қазығұрт аудандарының өкілдері тартысты кездесу өткізді. Нәтижесінде Сайрам ауданының командасы жеңімпаз атанып, әкім кубогін қанжығаларына байлады. Жарысқа қатысушыларға аудан әкімінің орынбасары Пердехан Жаппарқұлов алғыс хатттар мен қаржылай сый-сияпаттар тапсырды. Ұлттық спортты дамытуға бағытталған мұндай тағылымы мол, игілікті шаралар алдағы уақыттарда да өз жалғасын табатын болды.

Соңғы жаңалықтар