Түркістан облысының Ордабасы ауданында тропикалық жемістер өсірілуде

None
None
ОРДАБАСЫ. ҚазАқпарат – Түркістан облысы, Ордабасы ауданының «Елнұр-Айдар» өндіріс кооперативі тропикалық жемістер мен алма бағын өсірумен айналысып келеді.

Қажымұқан ауылдық округінен үш жыл бұрын ашылған серіктестіктің бағбандары анар мен алма, 0,5 гектарға лимон еккен, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қожалықтың іс жүргізушісі Елнұр Сейдазимов бүгінгі таңда 1000 түп анар, 6000 түп алма, 707 көшет лимон өсіріп отыр. Лимонның өзінен биыл 20 тонна өнім алу жоспарланған. Өткен жылы 1 жылдық көшеттің өзінен 4 тоннаға жуық өнім алынған. Кооперативте 7 адам тұрақты жұмыспен қамтылып отыр. Сонымен қатар, ауданда қарқынды бақ көлемі артып келеді. Қазіргі таңда аймақта 400 гектарға жуық бақ бар. Қажымұқан ауыл округіндегі «KazGarden» ЖШС-і жалпы құны 2 млрд теңгеге 240 гектарға бақ егуді қолға алған.


Алма мен сүйекті жеміс-жидек өсіріп отырған қожалықта 4 адам тұрақты, 55 адам маусымдық жұмыспен қамтылған. Ордабасы ауданы негізінен аграрлы өңір болғандықтан мұнда егін және мал шаруашылығы дамыған. Мәселен, Бөржар ауылындағы «Сабыр» шаруа қожалығы ірі қара мал мен асыл тұқымды қой өсірумен айналысады. 2005 жылы құрылған қожалықта қазіргі таңда 8383 бас уақ мал бар. Оның таза тұқымдысы 4640 басты құрайды. Шаруашылықта 22 жергілікті тұрғын жұмыс істейді. Қожалық иесі Талғат Жанысбаев осылайша шаруашылығын сүт және ет бағытында дамытып отыр.



Соңғы жаңалықтар