Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 376.26 EUR 425.63
RUB 5.68 CNY 55.61
Jańalyqtar

Түркістан облысының Ордабасы ауданына жаңа әкім тағайындалды

2019 жылғы 13 ақпан 20:26 304
Бөлісіңіз:
Түркістан облысының Ордабасы ауданына жаңа әкім тағайындалды

ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат -Түркістан облысына қарасты Ордабасы ауданына жаңа әкім тағайындалды. ҚР Президенті Әкімшілігінің және аудандық мәслихаттың келісімі бойынша, облыс әкімі Жансейіт Түймебаевтың өкімімен бұл қызметті Жолдыбай Қайрат Жолдыбайұлы атқаратын болды,  деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жиында бірінші басшыны аудан активіне таныстырған аймақ басшысы Ордабасыда алдағы уақытта атқарылар істің көптігіне тоқталып, бірқатар мәселелер оң шешімін табатынына сенім білдірді.

Айта кетейік, Қайрат Жолдыбайұлы 1981 жылы Шардара қаласында өмірге келген. 2003 жылы С. Сейфуллин атындағы Қазақ аграрлық университетін экономист-менеджер мамандығы бойынша бітірген. Мемлекеттік және жергілікті басқару магистрі. Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясындағы оқуы кезінде АҚШ-тағы Джорджия университетінде (University of Georgia) білім алған.
Түркістан облысының Ордабасы ауданына жаңа әкім тағайындалды 

Еңбек жолын 2003 жылы Білім және ғылым министрлігінің Бюджеттік жоспарлау департаментінде жетекші маман болып бастаған. 2005-2008 жылдары Қаржы министрлігінің бас маманы, бөлім бастығы лауазымдарында,  2008 жылдан бастап 2016 жылға дейін Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының аппаратында жұмыс істеп келді. 2016 жылдан бастап Шардара ауданы әкімінің орынбасары қызметін атқарды.

 

 

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Айнұр Ақбаева

Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
MURAǴAT