Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 371.56 EUR 422.43
RUB 5.56 CNY 53.51
Jańalyqtar

Түркістан облысының мұғалімдері Түркияға аттанды

2018 жылғы 10 қаңтар 20:37 43
Бөлісіңіз:

 ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Түркістан облысы білім саласының мамандары ұдайы шет мемлекеттерде тәжірибеден өтіп, біліктіліктерін арттырып келеді, деп хабарлайды өңір басшысының баспасөз қызметі. 

Ұқсас жаңалықтар
Жасанды интеллект заманында креативті ойлайтын адамға сұраныс артады - Нұралы Құдайбергенұлы Педагогтың құқықтары мен міндеттерін заң жүзінде бекіту маңызды - мектеп директоры

Биыл да жыл басталысымен Түркістан облысының он алты ауданы мен көне шаһардың 40 тәжірибелі педагогы арнайы бағдарлама аясында Түркия Республикасына іссапарға жіберілді.

Бұл жобаның мақсаты -  бауырлас әрі қандас өзара тату екі ел - Тәуелсіз Қазақстан мен Түркия Республикасы арасындағы білім және ғылым саласындағы байланыстарын дамыту, ортақ құндылығымыз - Қожа Ахмет Ясауи мұраларының кеңінен насихатталуына үлес қосу. Елбасының биылғы Жолдаудағы ұстаз мәртебесін көтеру туралы тапсырмасын орындап, ұзақ жылдар еңбек еткен мұғалімнің еңбегін бағалау, сондай-ақ білімін жетілдіріп қайтуына жағдай жасау. 

Құзырлы мекеме мамандарының айтуынша, бұл жолдама кез келген мұғалімге берілмейді. Оны алу үшін арнайы талап ескерілген. Отандық мұғалімдер өзге мемлекеттерден келген әріптестерімен жүзбе-жүз кездесіп, білім деңгейін арттырып, тәжірибе алмасады. Алдағы уақытта бұл жоба жалғасын табады деп жоспарлануда. Өткен жылы облыстан 150-ге жуық  ардақты ұстаз шетелге барып қайтқан болатын. 

 

 

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059
MURAǴAT