+7 (701) 759 90 19
USD 377.09 EUR 407.37
RUB 5.93 CNY 53.95
Jańalyqtar

Түркістан облысының мектептеріне мамандар электрондық жүйемен қабылдануда

2020 жылғы 22 қаңтар 12:21
Бөлісіңіз:
Түркістан облысының мектептеріне мамандар электрондық жүйемен қабылдануда

ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат – Түркістан облысында 4 мыңнан астам мектеп қызметкері электронды жүйемен еңбекке орналасты. Қазір білім мекемелерінде жұмысқа қабылдаудың автоматтандырылған jumys.snation.kz жүйесі енгізілген, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Асқар Жұмағалиев «цифрлық волонтерлерге» үндеу тастады Қасым-Жомарт Тоқаев: Инновациялар мен цифрландыруға баса мән беріледі Қарағанды облысында 54 ауылдың мекемелері интернетке қосылады

Сала мамандарының айтуынша, аталған жүйе жалпы орта білім беру ұйымдары педагогтарын жұмысқа қабылдауды және конкурстық тағайындау барысын автоматтандырады. Сонымен қатар, онда білім ұйымдарындағы техникалық қызметкерлердің бос орындары жайлы хабарламалар орналастырылады. Қазіргі таңда жүйеде педагогтар мен техникалық қызметкерлердің бос 11 008 жұмыс орны туралы хабарлама ілінген. Өткен жылы өңірде 4282 адам осы жүйе арқылы жұмысқа орналасқан. Сондай-ақ, былтыр облыста педагог кадрларды аттестаттау алғаш рет электронды түрде өткізілді. Жүйе арқылы педагог өзінің жетістіктері туралы мәліметтерді өздеріне берілген логин және пароль арқылы кіріп, өтініш жіберіп, аталған өтінішті сараптамалык комиссия мүшелері қарап өз бағаларын береді.

Облыс бойынша «Bilimland» цифрлық білім беру жүйесіне 100 пайыз мектептер қосылған. 2018 жылдың қыркүйек айынан бастап бүгінгі күнге дейін 751 304 сабақ қаралымы болған, оның ішінде «BilimLand» – 237511, «Twig» – 17347, «iTest» – 462446, «iMektep»– 34000. Сонымен қатар, 2018 жылы облыстық бюджеттен цифрлық білім беру ресурстарымен қамтылған 1700 дана «Bilim Book» компьютер-планшет сатып алынып, шалғай жерде орналасқан интернет жылдамдығы төмен 235 мектепке берілген.

Бұдан өзге, облыстағы 1453 мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында 147 337 бала бар болса, Вalabaqsha.snation.kz порталына қосу арқылы балабақшаларға жолдама беру және кезекке қоюды автоматтандыру көрсеткіші 100 пайызға жеткен. Бұдан өзге, «Нұр Отан» партиясының бастамашылық етуімен «Балалар үшін тегін ІТ-сыныптар» жобасы ұсынылған болатын. Бұл ІТ-сыныптарда балалар бағдарламалау дағдыларына, қарапайым алгоритмдер құрастыруға, Web-сайт және компьютерлік ойындар мен анимацияларды құруды европалық стандарттармен үйреніп жүр. Жалпы 2018 жылы 20 тегін ІТ-сыныптар ашылса, 2019 жылы – 30, 2020 жылы 50 ІТ-сыныптар ашу жоспарлануда.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Айнұр Ақбаева

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT