Түркістан облысының медицина қызметкерлеріне МӘМС жүйесі түсіндірілді

None
None
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат – Түркістан қалалық емханасында медицина қызметкерлеріне оқыту семинары өтті. ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің жобалық топ жетекшілері өңірдің сала мамандарына дәріс беріп, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінің маңыздылығын түсіндірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Семинарға қатысқан мамандарға азаматтарды медициналық сақтандыру тәртібі мен көмектің екі түрлі пакеті бойынша ақпарат берілді. Мамандардың сөзінше, медициналық жүйе консультативтік-диагностикалық көмек пен бағасы қымбат болып келетін зертханалық қызмет түрлерін, сырқаттарды дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету мен жоспарлы стационарлық және оны алмастыратын көмекпен қамтуды көздейді.

Сондай-ақ, сақтандыру жүйесінде медициналық оңалту және пациент денсаулығын қалпына келтіруге бағытталған ем-дом түрлері қарастырылған. Жұмыскердің табыс мөлшері қанша болса да толық медициналық көмек алуға мүмкіндік береді.

«Ал, жұмысқа ресми түрде орналаспаған, жеке кәсіпкер ретінде тіркелмеген, азаматтық-құқықтық сипаттағы келісімшарт бойынша қызмет көрсетпейтін азаматтар дербес төлем жасаушылар санатына жатады. Сондықтан міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысу үшін олар бірыңғай жиынтық төлем жасауы қажет. Міндетті медициналық сақтандыруға қатысты сұрақтар бойынша бірыңғай 1406 нөмірі бойынша ақпарат алуға болады», - деді семинарда дәріс берген мамандар.

Соңғы жаңалықтар