+7 (701) 759 90 19
USD 412.55 EUR 468.66
RUB 5.79 CNY 58.80
Jańalyqtar

Түркістан облысының Келес ауданында көкпардан чемпионат өтті

2020 жылғы 23 ақпан 19:34
Бөлісіңіз:
Түркістан облысының Келес ауданында көкпардан чемпионат өтті

ТҮРКІСТАН.ҚазАқпарат – Түркістан облысының Келес ауданында көкпардан облыстық чемпионат өтті.

Ұқсас жаңалықтар
Афина марафоны 2020 жылдың соңында өтеді Жалғас Жұмағұлов UFC-те өткен алғашқы жекпе-жегінде жеңілді Шетелдік БАҚ: Қазақстандық гимнасшы Алина Әділханова – аса талантты спортшы

Жарысты «Nur Otan» партиясының облыстық филиалы мен облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы, ұлттық спорт түрлерінен балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі және «Көкпар» федерациясы ұйымдастырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Жеңістің 75 жылдық» мерекесіне арналған чемпионатқа 2003-2005 жылы туған жасөспірімдер қатысты. Спорттық шарада Келес, Жетісай, Сайрам, Ордабасы, Шардара, Сарыағаш және Түлкібас аудандарының командалары бақ сынады. Жарыстың ашылу салтанатында Келес ауданының әкімі Ақментай Есбаев пен облыстық «Көкпар» федерациясының президенті Нұрмахан Жолдасов құттықтау сөз сөйлеп, жас шабандоздарға сәттілік тіледі.


Өнерлі жастарға аттарының тұяғы сүрінбей, жарыста мықты команда жеңімпаз болсын, деген жылы лебізін білдірді. Тартысты өткен жарыстың қортындысымен жүлделі үшінші орынды Жетісай ауданы, екінші орынды Келес ауданының құрамасы иеленді.


Ордабасы ауданының құрамасы турнир жеңімпазы атанды. Жүлделі орын алған командалар мен үздік деп танылған шабандоздар және жарысты ұйымдастыруға қол ұшын берген азаматтар алғыс хаттармен марапатталды.

Облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының, «Көкпар» федерациясының грамоталары мен сыйлықтары тапсырылды.



Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Айнұр Ақбаева

Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT