Түркістан облысының Келес ауданында «Білім орталығы» ашылды

None
None
КЕЛЕС. ҚазАқпарат – Түркістан облысы Келес ауданында Тұңғыш Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы және «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасындағы басты міндеттерді іске асыру үшін «Білім орталығы» ашылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жастар ресурстық орталығында ашылған орталықта арнайы интернет желісіне қосылған ноутбукте жұмыс істеп, шахмат ойнауға болады. Сондай-ақ, арнайы кофе-брейк ұйымдастырылған.

Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Рухани жаңғыру» бағдарламасының негізгі бағыттарының бірі – халықтың білімге деген құштарлығын арттыру. Осыған орай, «Nur Otan» партиясы «Қазақстан кітапханалары – заманауи білім орталықтары» жобасы аясында кітапханалардың қызметін жаңғыртып, оларды жаңа заманға сай cowоrking-орталық ретінде қайта құруды қолға алды.

Коворкинг сөзі ағылшын тілінен аударғанда «бірге жұмыс істеу» дегенді білдіреді. Коворкинг – компьютерлік техникамен толық жабдықталған жұмыс орындарының жиындығы саналады. Аталған жобаның мақсаты барлық санаттағы оқырмандардың ақпараттық қажеттіліктерін жедел қанағаттандыру үшін үздік әлемдік тәжрибені пайдаланып, кітапханалардың жаңа заманауи үлгісін құру болып отыр.

Айта кетейік, алғашқы коворкинг орталығы 2005 жылы АҚШ-та ашылған. Ал, Ресей мен ТМД елдерінде коворкинг соңғы бір-екі жылда ғана еніп отыр.

Соңғы жаңалықтар