Түркістан облысының Қазығұрт ауданында кәсіпкер 10 отбасыға баспана сыйлады

None
None
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Түркістан облысының Қазығұрт ауданында «Қазақстанның 100 жаңа есімі» байқауының жеңімпазы, кәсіпкер Сырым Ертаев тұрмысы төмен 10 отбасыға баспана сыйлады, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, Тұңғыш Президент - Елбасы Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласының «Жомарт жүрек» базалық жобасы аясында аудандағы кәсіпкерлер мен демеушілер тарапынан аз қамтамасыз етілген, көпбалалы және мүмкіндігі шектеулі отбасыларға, соғыс ардагерлеріне, жалғызілікті қарттарға көптеген көмектер беріліп келеді.

«Қазақстанның 100 жаңа есімі» байқауының жеңімпазы, Қазығұрт ауданының Құрметті азаматы, кәсіпкер - Сырым Ертаев өз есебінен 2017-2018 жылдары тұрмысы төмен Алтынтөбе ауыл округінен 2 отбасыға, Қарабау ауыл округінен 3 жанұяға, Жаңабазар ауыл округінен 2, жалпы 7 отбасыға үй салып берді. Биыл да ол қайырымды ісін жалғастыра отырып жуық арада Жігерген ауыл округінен 1, Қазығұрт ауыл округінен 2, жалпы 3 жанұяға баспана тарту етпек», делінген хабарламада.

Сонымен қатар, кәсіпкер Рамазан айында аудандағы әлеуметтік жағынан аз қамтылған 500 отбасыға азық-түлік үлестіріп, 5 млн теңге көлемінде көмек көрсеткен.

null

Соңғы жаңалықтар