Түркістан облысының энергетика және ТКШ басқармасына жаңа басшы келді
2022 жылғы 16 мамыр 21:34

Түркістан облысының энергетика және ТКШ басқармасына жаңа басшы келді

ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Түркістан облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы болып Сәкен Шалабайұлы Далиев тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Сәкен Шалабайұлы 1980 жылы 11 маусымда Жамбыл облысы, Меркі ауданында дүниеге келген.

1997 және 2014 жылдар аралығында ҚР Ішкі істер және қаржы полициясында, Экономикалық қылмысқа қарсы күрес органдарында түрлі лауазымда қызметтер атқарған.

2015-2016 жылдары Батыс Қазақстан облысының ішкі қауіпсіздік және соттардағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бөлімінің басшысы болған.

2016-2017 жылдары «Маңғыстау электротораптық бөлу компаниясы» АҚ-ның қамтамасыз ету жөніндегі директоры, 2017-2019 жылдары Екібастұз қаласындағы «Богатырь көмір» ЖШС көмір өткізу және нарық жөніндегі директоры, 2019-2020 жылдары Алматы қаласының Энерготиімділік және инфрақұрылымдық даму басқармасының «Алматы Су» МКК ішкі бақылау және қауіпсіздікті қамтамасыз ету департаментінің директоры, 2021 жылы «Болат Нұржанов атындағы Екібастұз ГРЭС-1» ЖШС директоры қызметін атқарған.


Ұқсас жаңалықтар
Серіктестер жаңалықтары

Jańalyqtar

Үрдіс

MURAǴAT