Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 379.29 EUR 426.40
RUB 5.93 CNY 56.58
Jańalyqtar

Түркістан облысының экономика басқармасына жаңа басшы тағайындалды

2019 жылғы 16 сәуір 12:50 239
Бөлісіңіз:
Түркістан облысының экономика басқармасына жаңа басшы тағайындалды

ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеевтің өкімімен Түркістан облысы экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы болып Абдуллаев Арман Айдарұлы тағайындалды, деп хабарлайды облыстық әкімдіктің баспасөз қызметі.

Ұқсас жаңалықтар
Жамбыл облысы әкімінің жаңа орынбасары тағайындалды ҚР ИИДМ Автомобиль жолдары комитетінің төрағасы тағайындалды

Арман Айдарұлы 1977 жылы 23 қарашада  Оңтүстік Қазақстан облысы Қазығұрт ауданы Жаңабазар ауылында туған.

1999-2018 жылдар аралығында «Рауан» ЖШС бақылаушы, Оңтүстік Қазақстан облысы экономика департаменті жиынтық бөлімінің бас маманы, аймақтық саясат бөлімінің бас маманы, әлеуметтік саясат бөлімінің бас маманы, облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау департаментінің инвестициялық саясат бөлімінің бас маманы, облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп департаментінің кәсіпкерлік және инновациялық қызмет бөлімінің бастығы, облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының бюджеттік саясат және жоспарлау бөлімінің бастығы, инвестициялық саясат бөлімінің бастығы, облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы бастығының орынбасары, облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы, Оңтүстік Қазақстан облысы Шардара ауданының әкімі, облыс әкімі аппараты экономика және бюджеттік сала мониторингі бөлімінің басшысы болып қызметтер атқарған.

2018 жылдың мамыр айынан бүгінгі күнге дейін Түркістан облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары - ұйымдастыру-инспекторлық жұмыс және аумақтық даму бөлімінің басшысы қызметін атқарып келді.

 

 

 

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
MURAǴAT